Архивы амнистия - Tizgin kz

«Ол – қылмыскер»: Нүкенованың ағасы Байжановтың бостандыққа шығуы жайлы ойын айтты
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 22 шілдеде бостандыққа шыққан Бақытжан Байжановқа қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі stories бөлімінде жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл шешімге ықпал ету мүмкін емес»

Айтбек Амангелдінің айтуынша, адвокаттар бұл мәселені жан-жақты зерттеп, жағдайға заң тұрғысынан ықпал ету мүмкін емес деген қорытындыға келген.

Сондай-ақ, ол қолданыстағы тәртіпке сәйкес бұл мәселе жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралғанын атап өтті.

«Амнистия – кінәсіз деген сөз емес»

Айтбек Амангелді Байжановтың босатылуы оның кінәсіз екенін білдірмейтінін ерекше атап өтті.

«Амнистия»  деген сөз «кінәсіз» дегенді білдірмейді. Амнистия сот үкімінің күшін жоймайды, адамды кінәсіз деп танымайды және сот анықтаған кінәні жоққа шығармайды. Байжанов алты жыл бойы пробациялық бақылауда болатын сотталған адам болып қала береді», – деп жазды ол.

«Ол өз кінәсіздігін дәлелдей алмады»

Кейін Айтбек Амангелді видеоүндеу жариялап, отбасы мен адвокаттар жағдайды талқылағанын және оны өзгертуге мүмкіндік беретін заңды тетіктер жоқ деген ортақ шешімге келгенін айтты.

«Біз бұл жағдайға ешқандай ықпал ете алмаймыз. Кассациялық сотта біз жеңдік. Оның кассациядағы мақсаты – өзін кінәсіз деп тану еді. Бұл болған жоқ. Оның соттылығы сақталады. Ол – қылмыскер», – деді Айтбек Амангелді.

Ол бұл жағдайды жеке өзі қабылдау қиын екенін мойындағанымен, қазіргі таңда бұл мәселені жабық деп санайтынын жеткізді.

Байжанов амнистия негізінде босатылды

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов 22 шілдеде амнистия туралы заңды қолдану жөніндегі сот қаулысының негізінде бостандыққа шықты.

Сот түзеу мекемесі әкімшілігінің ұсынысын қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартты және сотталушыны дереу босату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, Байжановқа алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленді.

Байжанов қандай іс бойынша сотталған еді?

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылған.

2024 жылдың мамыр айында сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кейін апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Одан кейін оған амнистия туралы заң қолданылды.

Сообщение «Ол – қылмыскер»: Нүкенованың ағасы Байжановтың бостандыққа шығуы жайлы ойын айтты появились сначала на Tizgin kz.

Тізімде Сраилов пен Байжанов бар. Қазақстанда қанша адам рақымшылыққа ілікті?
Әуелде 15,1 мыңнан астам адам рақымшылыққа ілігеді деп күтілген болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық аясында 1770 сотталушы бостандыққа шықты. Ішкі істер министрлігінің Informburo.kz сұраухатына берген жауабында осылай деп жазылды.

Жалпы рақымшылыққа 6517 адам іліккен. Соның 135-і – әйелдер. Бұған қоса, 2240 адамның жазалау мерзімі қысқартылды. Пробация қызметінің бақылауында тұрған 2507 адам жазасын өтеуден босатылған.

Айта кету керек, бастапқыда рақымшылық шарасы 15,1 мыңнан астам адамды қамтиды деп күтілген еді. Оның ішінде 4100 адам қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылуы тиіс болатын, ал 11 мыңға жуық сотталушының жаза мерзімі қысқарады деп болжанған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бостандыққа шыққан адамдардың қоғамға қайта бейімделуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып атқарылады және бұрын сотталғандар өмірінің барлық маңызды саласын қамтиды. Қажет болса, оларға медициналық, заңгерлік, психологиялық көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі. Қиын жағдайға тап болғандар үшін бейімдеу орталықтарынан орын ұсынылады, – делінген Ішкі істер министрлігі мәліметінде.

Президент 23 маусымда рақымшылық туралы заңға қол қойған болатын. Ал 1 қазанда ІІМ оның аяқталғанын ресми түрде хабарлап, рақымшылыққа іліккендерге пробациялық бақылау сақталатынын атап өтті.

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІККЕНДЕР:

Бахытжан Байжанов – Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сотталған. Жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқартылған.

Астана қаласындағы жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісі, оқиға салдарынан баланың екі аяғын ампутациялауға тура келген. Қылмыстық іс тоқтатылған.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталған білім беру орталығының директоры. Жаза мерзімі 7 жылдан 5 жыл 6 ай 6 күнге дейін қысқартылған.

ҰҚК майоры Айдос Сраилов, Шымкент қаласындағы атышулы сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша айыпталды. Сот оны 1 жылға бостандығын шектеуге үкім шығарғанымен, жазасын өтемейтін болды.

Сообщение Тізімде Сраилов пен Байжанов бар. Қазақстанда қанша адам рақымшылыққа ілікті? появились сначала на Tizgin kz.