Архивы ағаш егу - Tizgin kz

Түркістан облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды
Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды. Осыған орай Түркістан қаласындағы әуежай жолының бойында жаппай көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров қолдау көрсетіп, игі бастамаға үлес қосты. Сонымен бірге ауқымды сенбілікке облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» мекемесінің, Ветеринария басқармасының және «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметкерлері қатысты. Жалпы іс-шараға 1000-ға жуық адам атсалысты.

Іс-шара барысында өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала көркін арттыру мақсатында 22,5 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 7500 түп тұт, 6250 түп жиде, 5000 түп өрік пен алша, 3750 түп қарағаш бар. Жалпы әуежай жолының бойына 87,5 мың түп ағаш егу жоспарланған.

Мемлекет басшысының республика бойынша 15 миллион көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында 1,5 миллион түп көшет егу көзделген.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі 807 елді мекенді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта бекітілген аймақтық жоспар аясында елді мекендердің 90 пайызға жуығын жасыл желекпен қамту көзделіп, облыс көлемінде 4 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланған. Өткен жылы аталған бағытта 1 007 123 түп түрлі ағаш көшеті егілді.

Көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасуда. Биыл облыс көлемінде 1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Оның 332,5 мыңы көктемгі маусымда егілді. Ал күз айларында 700 мыңға жуық көшет отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі таңда аудан, қалаларға 195 мың түп көшет босатылды.

Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, елді мекендердің жасыл желекпен көмкерілуіне және өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.

Сообщение Түркістан облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды появились сначала на Tizgin kz.

«Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды
Астанада футбол ардагерлері, елордалық спортшылар мен жас чемпиондар «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион аумағына 20-дан астам ағаш отырғызды. Бұл туралы Tizgin.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағаш отырғызуға Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарлары Азамат Ағзамов пен Бекзат Тамшыбай, Қазақстан футболының ардагерлері Владимир Глевич, Серік Асылбеков, Владимир Павлюк, Павел Демян, Амангелді Ашкенұлы, 2011, 2012 және 2013 жылы туған футболдан Қазақстан чемпиондары, олардың жаттықтырушылары және «Жеңіс» футбол клубының спортшылары қатысты.

Фото: gov.kz

«Бүгін футбол ардагерлері, қазіргі спортшылар мен жас буынның бір жерде бас қосқаны біз үшін өте маңызды. Біз де бұрындары футбол алаңына шығып, өз командаларымыздың намысын қорғадық. Бүгінде жанымызда жаңа чемпиондар өсіп келеді. Осындай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады. Бүгін отырғызылған ағаштар ұзақ жылдар бойы осы жерде өседі. Сол ағаштармен бірге балаларымыз да өсіп, спортымыз дамып, қаламыз одан әрі көркейе берсе екен дейміз. Бұл – бәріміздің болашаққа қосқан ортақ үлесіміз», – деді Қазақстан футболының ардагері Амангелді Ашкенұлы.

Астана қаласы әкімдігінің «№8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы Еркебұлан Алдабергенов жас спортшылардың қоғамдық бастамаларға қатысуы маңызды екенін жеткізді.

Фото: gov.kz

«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан футболының ардагерлері, елордалық спорт өкілдері, қазіргі спортшылар және жас тәрбиеленушілер бір жерге жиналды. Шараға 2011 және 2012 жылы туған Қазақстан чемпиондары атанған 50 жас футболшы мен олардың жаттықтырушылары қатысты.

Біз үшін балалардың тек футбол алаңында жақсы нәтиже көрсетуі ғана емес, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуы да маңызды. Бүгін барлығымыздың ортақ күшімізбен 20-дан астам ағаш отырғыздық. Біздің спортшылар «Таза Қазақстан» бастамасын және басқа да қоғамдық маңызы бар шараларды үнемі қолдайды. Осындай акциялар арқылы біз болашақ чемпиондарды ғана емес, үлкенді сыйлайтын, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын, туған қаласының тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелейміз», – деді Еркебұлан Алдабергенов.

Футбол ардагерлері мен жас спортшылардың бірлесіп ағаш отырғызуы спорттағы аға буын мен жас ұрпақтың сабақтастығын көрсетіп, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысудың үлгісін қалыптастырды. Ал отырғызылған 20-дан астам көшет елорданың жасыл желегін толықтырып, «Таза Қазақстан» аясындағы игі істің нақты нәтижесіне айналды.

Сообщение «Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды появились сначала на Tizgin kz.