Жаңалықтар
“Сұлудың жоқ дегені иә” дегені үшін сынға қалған әнші әннің сөзін өзгертті

Әнші Әділет Жауғашар бір әнінің сөзі үшін сынға қалған еді. Осы сыннан сабақ алған ол әннің мәтінін өзгертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әнші “Сүй иә” деген ән шығарып, соның ішінде “сұлудың жоқ дегені иә” деп ішіне сөз қосқан. Осы сөзі үшін көптің сынына қалған. Себебі елге белгілі Нұрай Серікбайдың ісінен соң бұл сөздің орынсыз екенін көп адам жазған еді.
Әнші осы сыннан сабақ алып әннің мәтінін “сұлудың жоқ дегенін сыйла” деп өзгерткен. Осы қадамы үшін көпшіліктің ықыласына бөленіп жатыр.
Елде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық істері әлі де қоғамдық резонанс туғызып жатыр. Нұрай Серікбайдың ісінен кейін Жамбыл облысында Мадина Рашидқызының өз-өзіне қол салуы да желіде көп наразылық туғызған-тын.