ЕрекшеОқиға

«Сөз берем – бәрің жұмыстан кетесіңдер!» Базарбек Алматыдағы тағы бір былықтың бетін ашты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Наурызбай ауданындағы тау бөктерін, тау қуыстарын біреулер заңсыз, рұқсатсыз көміп тастағанын мәлімдеп, дәлел ретінде оның видеосын жариялады. Айтуынша, әкімдік пен полиция, басқа да мемлекеттік органдар бұған жылдар бойы көз жұмып келген, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

“Жылдар бойы табиғат қирап жатқанда — әкімдік, полиция және барлық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік органдар көздерін жұмып келді!” – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, жергілікті билік депутаттың өзіне де бұл жөнінде хабар бермеген. “Әйтпесе зымырап осында келетін едім” дейді ол. “Мемлекеттік органдар неге тексеріс ашпаған? Урбанистика, құрылыс басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігіне сұрақ туындайды. Қалай осыған жеткізген? 20 АЕК айыппұл берген де кетіп қалған” дейді депутат.

Жергілікті тұрғындар депутат Бақытжан Базарбекке шағымдарын айтты. Базарбек тау бөктерін бітеп тастаған соң көктемде тасыған су сол аумақтағы ауылдың үйлеріне кіретінін айтады. Бүкіл материалдарды жинап, Бақытжан Базарбек ҰҚК, Бас прокуратура, Үкімет басшысына жолдамақ.

“Осыны көміп жатқан біреулердің туысы, інісі, бауыры, көршісі. Кім жауап береді? – деп депутат сұрағанымен сол жердегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің бірде-бірі жөнді жауап бере алмады.

Бақытжан Базарбек жергілікті органның өкілдеріне “егер мәселені реттемесеңдер, бәрің жұмыстан кетесіңдер” деп ескертті. Жағдай тұрақталмаған жағдайда депутат Алматының әкімі Дархан Сатыбалдыға шағымданбақ.

Депутат бұған дейін Алматының Бостандық ауданы Ерменсай ықшамауданындағы «Жаңару» тұтыну кооперативінде заңсыз салынған көпқабатты таунхаус тұрғын үйі сот шешімімен бұзылатынын бұған дейін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жер учаскесінің меншік иесі шаруа қожалығын жүргізу және бау-бақша өсіру мақсатында берілген жерге екі қабатты таунхаус салып, заңды бұзған. Сот шешіміне сәйкес, бұл нысандарды мәжбүрлеп сүруге тура келген. Сүру барысында меншік иесі өзін-өзі өртемек болып, мемлекеттік сот орындаушысын итеріп, арандатар әрекеттерге барған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button