Шымкенттің экс-әкімі “Самұрық-Қазынадағы” лауазымды қызметке барды
Ол Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Ғабидолла Әбдірахымов “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып қызметке орналасты. Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылған.
Бірақ ол “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқармасы құрамына кірмейді.
“Ғабидолла Әбдірахымовтың экономикалық және басқарушылық білім бар. Оның ішінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленген. Президент әкімшілігінде, Үкіметте жоғары қызметтер атқарды, Шымкент әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Ғабидолла Әбдірахымов 2021 жылы қыркүйекте мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кеткен соң мемлекеттік қызмет атқарған жоқ.