Ерекше

Шымкентте заңсыз құмар ойын өткізгендер қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырғандарТринь әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды, Tizgin.kz.

ТАБЫС 90 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

Күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген.

Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған, – деді ҚМА ресми өкілі.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпаратта.

Back to top button