ЕрекшеЖаңалықтар

Шымкентте ұсталған басшы «менің адамым» емес – Берденов

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлеуметтік желі арқылы тағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БЕРДЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Руслан Берденов ақпараттық кеңістікте өзі жайлы тағы бір жалған мәлімет тарағанын атап өтті. Сөзінше, бүгін ұсталған Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер тараған. Оны жоққа шығарады.

“Оның «менің адамым» екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған. БАҚ өкілдері мен арна авторларын жариялар алдында деректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырамын”, – дейді ол.

ҰСТАЛҒАН БАСШЫ

Шымкентте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталғаны бүгін хабарланған еді. Ол бөтен мүлікті иемденді деген күдікке ілініп отыр. Істі ҰҚК-ға қарайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергей бастаған. Ұсталған шенеунік қызметке биыл ақпанда ғана келген. Әбдешовтің ұсталған уақыты қала әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісімен қатар келіп отыр. Әбдешев ұсталған тұста қаланың құрылыс басқармасының сайты істемей қалған.

Back to top button