ЕрекшеТергеу

Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылған. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді. Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Back to top button