ЕрекшеЖаңалықтар

ШҚО-да 6 жасар бала қолшатырмен «ұшамын» деп, терезеден секірген

Аталған оқиға шілде айының соңында Алтай қаласында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға шамамен таңертең сағат 10:00 шамасында Космонавтов көшесінде болған. Алты жастағы бала екінші қабаттың терезесінен қолшатырмен секіріп, «ұша аламын ба?» деп тексергісі келген.

Полицияның мәліметінше, оқиға болған кезінде үйде баланың кішкентай қарындасы ғана болған. Анасы сол уақытта жұмысқа кеткен. 2018-ші жылы туған бала омыртқа сүйегін сындырып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Back to top button