ЕрекшеТергеу

ШҚО-да ірі лауазымды шенеуніктер ұсталды

Тергеу органдарының мәліметінше, олардың бірі құрылыс компаниялары және автобус парктері өкілдерінен заңсыз сыйақы алғаны анықталған, деп хабарлайды Tizgin.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҮЙІНЕН 97 МЫҢ ДОЛЛАР ТӘРКІЛЕНДІ

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

“Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген, – деді ҰҚК ресми өкілі Қайырлы Ахмет.

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ДА ПАРА АЛҒАН

Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды, – деді ресми өкіл.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Back to top button