Ерекше

ШҚО әкімі Маралдыдағы мал өлімін жеке бақылауына алғанын мәлімдеді

Бүгін өңір әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалық етуімен Маралдыдағы мал өліміне қатысты жиналыс өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАНША МАЛ ӨЛДІ

Оған құзырлы органдардың өкілдері қатысты.

“Біз үшін ең бастысы – ауыл халқының денсаулығы мен қауіпсіздігі. Мәселе жеке бақылауымда”, – деді аймақ басшысы

Айта кетейік, 19-20 қыркүйекте Күршім ауданы Маралды ауылында 8 мал өлімі тіркелді. Дереу құрылған арнайы топ оқиға орнына келіп жетті.
Мал өлекселерінен, су мен топырақтан сынама алынып, ветеринариялық зерттеулер, вакцина егу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

ҚОРЫТЫНДЫ ҚАЗАНДА ШЫҒАДЫ

ШҚО Экология департаментінің қызметкерлері ауылдағы фабрикаға барып, экологиялық талаптардың сақталуын тексерді.

Экологиялық сараптама нәтижелері осы аптаның соңына дейін, ал ветеринариялық сараптама қорытындылары 4 қазанға дейін шығады деп күтіліп отыр.

Оған дейін биоқауіпсіздік күшейтіліп, зардап шеккен мал иелерін қолдау мәселелері қарастырылып жатыр.

Өңір халқына алда жасалатын барлық қадам уақтылы хабарланып отырады.

Back to top button