ЕрекшеЖаңалықтар

«Шешімін таппай келеді»: Тоқаев Бектеновке 10 күн берді

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке инвестицияға қатысты тапсырманы орындау үшін 10 күн уақыт берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президенттің айтуынша, елде инвесторлармен өзара іс-қимылдың күрделі әрі бытыраңқы жүйесі қалыптасқан.

«Бұл жүйе сөзсіз бюрократияға, функциялардың қайталануына алып келеді… Жұмыс қанағаттанарлық деңгейде жүргізілмей жатыр. Қазіргі қиын жағдайда инвестиция тарту – бізден жаңа тәсілдерді талап ететін бірінші кезектегі міндет. Әсіресе атап өтерім, кез келген жағдайда инвестиция тартуға байланысты бүкіл ұйымдастырушылық жұмыс толықтай премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ, дегенмен бірде-бір мемлекеттік органның атауында “инвестиция” сөзі кездеспейтіні көзге ұрады”, – деді Президент.

Тоқаев бұл мәселе 3-4 мекеменің қарамағында болып, шешімін таппай келе жатқанын, сондықтан премьер-министрге нақты ұсыныстар әзірлеу үшін 10 күн беретінін айтты.

“Сонымен қатар Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде дайындауды тапсырамын», – деді Президент.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялап жатыр. 

Back to top button