УЕФА қазақ қақпашысының Чемпиондар лигасындағы ойынын үздік бестікке енгізді
«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның Чемпиондар лигасы аясындағы «Спортингке» қарсы ойында жасаған сейві УЕФА нұсқасы бойынша бірінші турдағы ең үздік 5 сейвтің қатарына енді, деп хабарлайды Tizgin.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Лиссабонда өткен матчтың бесінші минутында Қалмұрза португалиялық шабуылшы Педру Гонсалвешпен бетпе-бет шығып, оның соққысын аяғымен қайтарып жіберді.
Ойынның 21-минутында Шерхан алаң иелерінің капитаны Мортен Юльманн орындаған пенальтиді аяғымен қайтарып, тағы бір мәрте шеберлігін көрсетті.
Дегенмен керемет сейвтер алматылық команданы жеңілістен құтқара алмады – матч 4:1 есебімен «Спортингтің» пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, УЕФА лигасының туры шеңберіндегі үздік сәттер топтамасына «Спортинг» қақпашысы Жоау Виржинияның сейвтері де енді. Ол қазақстандық Дастан Сатпаевтың екі қауіпті соққысын қайтарды: бірі – алыс бұрышқа бағытталған жойқын соққы, екіншісі – айып алаңы ішінен бағытталды.