Ерекше

Шавкат Рахмонов «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін спорттан бөлек, басқа да сала мамандарының еңбегі ескерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа II дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Мемлекет басшысы спортшының ел абыройын халықаралық аренада асыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Шавкат шетелде Қазақстанның әділ бейнесін қалыптастыру үшін көп еңбек етіп жүр. Еліміздің атын әлемге танытуда», – деді Президент.

Шавкат Рахмонов UFC әлемінде жеңіліп көрмеген жекпе-жек шебері, 19 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтаған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай бірнеше этномәдени орталық өкілдерін “Ел бірлігі” орденімен марапаттады.

Ассамблея – ерекше құрылым, ел бірлігінің мызғымас нышаны. Оның мүшелері елдегі тұрақтылықты нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қоғамдағы келісім мен ынтымақты күшейту – шынайы отансүйгіштіктің айғағы, – деді Президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысы руханият саласына зор үлес қосқан бірнеше өнер қайраткеріне “Қазақстанның халық әртісі” атағын берді. Олардың қатарында:

  • Болат Әбділманов;
  • Тамара Асар;
  • Шынар Жанысбекова.

Сонымен қатар “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы келесі тұлғаларға берілді:

Нина Жмеренецкая;

Бақыт Хаджибаев;

Зарина Алтынбаева;

Айгерім Алтынбек;

Иван Сауэр.

– Бұл жоғары мемлекеттік марапаттарды халқымыздың шынайы алғысы мен зор құрметінің белгісі ретінде қабыл алыңыздар. Бүгін менің Жарлығыма сәйкес, еліміздің барлық өңірінен келген жүздеген азаматқа мемлекеттік наградалар табысталады. Олардың бәріне шын жүректен алғыс білдіремін, – деді Президент.

Back to top button