Без рубрикиЕрекше

АҚШ-тың федералды үкіметі жұмысын тоқтатты

АҚШ-та үкіметтің жұмысы уақытша тоқтауына (шатдаун) байланысты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі әлеуметтік желілердегі белсенділігін уақытша азайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ТАРАПТАР ӨЗАРА КЕЛІСПЕЙ ҚАЛДЫ

Елшілік аккаунттары қаржыландыру мен үкімет жұмысы қайта жанданғанша тұрақты жаңартылмайды. Тек төтенше қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ақпараттар ғана жариялануы мүмкін.

Сонымен қатар, АҚШ-та негізгі қызметтер жұмысын жалғастыруда. Шектеулі режимде болса да, төлқұжаттар мен транзиттік визалар беріліп жатыр. Қызмет көрсету бойынша толық ақпарат АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланған.

Бүгін түнде АҚШ-та шатдаун басталды. Яғни, федералды үкімет жұмысы уақытша тоқтады деген сөз. Себебі, демократтар мен республикашылдар арасында мемлекеттік бюджетке қатысты келіспеушілік туындады.

РЕСПУБЛИКАШЫЛДАРҒА НЕ ҰНАМАДЫ

Республикашылдар үкіметті уақытша қаржыландыруды жалғастыруды ұсынған. Алайда демократтар денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар талап қойды: медициналық сақтандыру бойынша салықтық жеңілдіктерді сақтап қалу және президент Дональд Трамптың шетелге көмектесуін қысқарту мүмкіндігін шектеу. Бұл шарттарға республикашылдар келіспей, келіссөздер нәтижесіз аяқталған. Осыған сәйкес, түн жарымда мемлекеттік қаржыландыру ресми тоқтатылды, – делінген The Guardian басылымында.

Шатдаунның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Back to top button