ЕрекшеҚоғам

Серік Сәпиевті ұрып кеткен: қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысының полиция департаменті Tizgin.kz порталына Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

БАҚ-та “Сәпиевті соғып кетті” деп ақпарат тараған соң портал облыстық полиция департаментінен хабарласқан. Құзырлы органнан мынадай жауап келді: 

“Белгілі болғандай, 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды”.

Сәпиевті орынбасары ұрып кеткенін бұған дейін БАҚ жазған еді. Тараған ақпараттарға қарағанда, ол орынбасарымен төбелескен.

Back to top button