ЕрекшеЖаңалықтар

«Сен орыстардың құлысың»: Өзбекстан билігі таксистті қорлау ісі бойынша Ресейге нота жолдады

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, Өзбекстан азаматын «орыстардың құлы» деп атаған ер адамның жеке басын анықтап, оған қатысты заңды шара қолдануды сұрады. Бұл оқиға Өзбекстанда қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Ахрор Бурхановтың айтуынша, Өзбекстанның СІМ-і «әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таралатын ақпаратты тұрақты түрде бақылап отырады» және осындай оқиғалар тіркелген жағдайда шетелдердің құзырлы органдарымен бірлесіп әрекет етеді.

«Тамыз айында үлкен қоғамдық резонанс тудырған оқиға бойынша тексеру жүргізілуде. Осыған байланысты Ресей СІМ-іне видеодағы адамның кім екенін анықтап, заң аясында шара қабылдау үшін ресми нота жолданды», — деді Бурханов.

Сондай-ақ ол өзбекстандық азаматтар қай елде жүрсе де, мемлекетінің қорғауында болатынын еске салды.

Айта кетейік, 27 тамызда «TRT на русском» Telegram-арнасы Мәскеу маңындағы Химки қаласында түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда ер адам таксистке айқайлап, балағаттап: «Сен құлсың, орыстардың құлысың! Өзбекстанда өзіңе ештеңе таба алмадың — бізге келдің. Сен өз үйіңде емессің, жұмыс істеуге келдің — онда жұмыс істей бер!» деп, сөзін былапыт сөздер айтады.

Таксист сабыр сақтап, ер адамды балағаттауды тоқтатуға шақырады, кейін көлігіне отырып, кетіп қалады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал таксидің қысқа уақытқа қоқыс көлігін өткізу үшін тар көшеде ауланың кіреберісін жауып қалғанынан шыққан.

Back to top button