ЕрекшеЖаңалықтар

Семейдегі әкім сайлауында кім жеңіске жетті

Семей қаласында алғашқы рет қала әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сайлау қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.

Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет облыс орталығы әкімі сайлау арқылы орынтаққа келді.

ӘКІМ ЖАЙЛЫ

Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш аулында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағының аң-терісі мех колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау” мамандығы бойынша бітірген. ​Тұран университетінің «Бухгалтерлік есеп және талдау», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді. ​Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқып, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін алған.

​Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастады.

2001 -2013 жылдары – Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры.

2013-2014 жылдары- «Темірбанк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры.

2014 -2021 жылдары -« Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да операциялық департамент директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры

2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін – «Абай облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Осы уақытқа дейін Көкпекті ауданын басқарған.

Back to top button