ЕрекшеОқиға

Семейде кәмелетке толмағандарды зорлаған студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Кәмелетке толмаған екі жасөспірімді зорлағаны үшін заң факультетінің студентіне үкім шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Абай облысының сотына сілтеме жасай отырып.

СТУДЕНТ ӨЗІН АҚТАУДЫ СҰРАДЫ

Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық әрекеттерді 2022 жылы және 2025 жылдың қаңтарында, жасы 12 мен 13-тегі кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған. Бірінші оқиға болған кезде айыпталушының жасы 18-де болған. Сот барысында студент кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған.

Кәмелетке толмаған адамдарға қатысты зорлау және зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, – делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button