ЕрекшеЖаңалықтар
Сатыбалдының базары өтпей жатыр: аукцион үшінші рет жарияланды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған “Байсат” базарын тағы ауцкционға шығарды, деп жазады Tizgin.kz.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС базарды тағы сауда шығарды. Алматы қаласында орналасқан ірі «Байсат» сауда базары бар«Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% толық сатылып жатыр.
Аталған объект – жұмыс істеп тұрған базар, тұрақты ақша ағыны бар, қалыптасқан клиенттік базасы, дамыған инфрақұрылымы және әрі қарай өсу әлеуеті бар дайын коммерциялық актив. Аукцион бағаны көтеру әдісімен электрондық форматта өткізіледі.
Бастапқы бағасы – 24,77 млрд теңге. Аукцион 2026 жылы 5 ақпанда сағат 12:00 өтеді.