ЕрекшеҚоғам

Сара Назарбаева Алматыда емделіп жатыр – Үкібай

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Айдос Үкібайдың айтуынша, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Сары Назарбаеваның денсаулық жағдайы мен орналасқан жері туралы шындыққа жанаспайтын мәліметтер таратылып жатыр.

Оның сөзіне қарағанда, сәуір айынан бері Сары Назарбаева Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр.

«Барлық медициналық шаралар бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес және отандық мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр», — делінген түсініктемеде.

Back to top button