Тергеу

Санжар Боқаевқа қай баптар бойынша айып тағылып отыр

Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Бокаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМЕТІ

Ресми ақпаратпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бөлісті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша әрекетті саралау туралы қаулы қабылдаған:

  • 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы – аса ірі мөлшердегі алаяқтық (айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген);
  • 340-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – адамдар тобы жасаған ағаштарды заңсыз кесу (айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген).

Аталған қаулы прокурормен келісілген.

МӘН-ЖАЙЫ

18 наурызда белсендінің қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ұсталғаны белгілі болды. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Back to top button