TOP-2Жаңалықтар

Санжар Боқаев кемі 8 жыл бұрынғы іс бойынша күдікті болып шықты

Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бүгін сенат кулуарында журналистер бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтен Санжар Боқаев нендей істер бойынша жауапқа тартылғалы жатқаны сұралған.

“Ол “алаяқтық жолмен аса ірі көлемде ақша жымқыру” ісі мен “заңсыз ағаштарды кесу” ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді ол.

Ал “ақша жымқыру ісі қай кездегі істер?” деген сұраққа Өтегенов “ұлттық компанияда жұмыс істеген жылдары” деп жауап берді.

Айта кетейік, Санжар Боқаевтың өмірбаянында оның 2015-2018 жылдар аралығында “ҚазТрансГаз” АҚ-та кеңесші болғаны көрсетілген.

Еске сала кетейік, 18 наурызда белсендінің қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ұсталғаны белгілі болды. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Back to top button