ЕрекшеЭкономика

«Самұрық-Қазына» бюджетке төлейтін дивидендті азайтады

“Самұрық-Қазына” қоры 2025 жылы бюджетке қанша дивиденд төлейді. Tizgin.kz порталы бұл сұрақты «Самұрық-Қазына» қоры Нұрлан Жақыповқа қойды.

ЖАҚЫПОВ НЕ ДЕЙДІ

“2025 жылы біз жаңа бюджет кодексіне сай жұмыс істеп жатырмыз. Соған сай дивиденд ретінде біз еншілес компаниялардан алынған дивиденттердің 50 пайызын бюджетке төлеуіміз керек. Былтыр бұл көрсеткіш 556 млрд теңгені құрады. Бірақ біз сондай-ақ еншілес компаниялардан 556 млрд теңгені алғанымызбен, мемлекетке  әлеуметтік төлемдер ретінде 600 млрд теңгеден астам төлем жасадық. Биыл дивиденд төлерлік көлеміміз жоқ”, – дейді ол.

Жақыповтың айтуынша, 2025-2027 жылдары қордың capex бағдарламасы 18 трлн теңгені құрайтынын, оның ішінде 12 трлн теңге қарыз ретінде алынатынын, ал capex бағдарламаларын қаржыландыру 7 трлн теңге болуы керектігін айтты.

“Бүкіл таза табысымызды жаңа жобаларға жұмсаймыз. Бұл жобалардың бірі – ББШ екінші тармағының газ құбыры, Ақтөбе-Қостанай газ құбыры, Атыраудағы полиэтилен жобасы (5 трлн теңгеден астам). Одан басқа Алматыда ЖЭО-2, ЖЭО-2 жобаларын жаңартып, толыққанды газға қосқалы жатырмыз. Үш қалада (Көкшетау, Семей, Өскемен) жылу орталығы жобасын қаржыландырамыз”, – дейді ол.

Самұрық-Қазына басшысы 2025 жылы дивидендтер жобаларға жұмсалатынын айтты. Биыл еншілес компаниялардың дивиденттер көлемі 556 млрд теңгені, ал әлеуметтік төлемдер 600 млрд теңгеден асатынын айтты. “

“Әлеуметтік төлемдер сомасын біз жаңа бюджет кодексіне сай азайтуымыз керек”, – деді ол.

2024 ЖЫЛЫ ҚАНША АУДАРДЫ

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры биыл 1,8 трлн теңге таза табыс тапты және мемлекеттік бюджетке 1,3 трлн теңге аударған. 2024 жылғы есеп бойынша қордың активтерінің жалпы құны 38 трлн теңгені құрайды.

Back to top button