ЕрекшеЖаңалықтар

Руслан Берденов сотта жауап бере бастады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі тараптардың жарыссөзі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Прокурор айыпталушы Ернар Жиембайға бүгін жаза тағайындауды сұрайды. Осы күнге дейінгі соттарға Берденов қатыса алмаған, себебі ұзақ уақыт ем қабылдап, жақында тағы бір ота жасатқан. Соңғы тыңдауға шенеунік тікелей ауруханадан онлайн қосылды. Бүгін оны жауап беріп жатыр.

Берденовтің сөзінше, біреудер тарапынан Ернар Жиембайдың үстінен арыз түскен. Тұрғын үйлерді ол “мердігерсіз, өзі салып жатқаны” туралы ақпарат жеткен. Осының мәнін кабинетіне шақырып сұрағанда Ернар Жиембай есеп әкелудің орнына инспектормен дауласып қалған. Руслан Берденов пен Ернар Жиембайдың кикілжіңі осы жерден басталған.

Шенеунік Ернар Жиембайдың әйелін танымайтынын айтып, өзіне жасалған қастандықты тек жұмысымен байланыстырды.

БЕРДЕНОВТІҢ СОТЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі шешуші кезеңге таяды. Қазір тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр.Алдыңғы отырыста сараптама қорытындылары жарияланды. Мамандар атыс кезінде айыпталушының аффект жағдайында болмағанын анықтаған. Дегенмен Берденовтің денесінде қанша оқ-дәрі қалдығы қалғаны әлі нақты белгісіз. Сотта негізгі айғақтардың бірі ретінде әкімдік ғимаратындағы бейнабақылау жазбалары көрсетілді. Видеода алғашқы оқ атылғаннан кейін күзетшілердің ғимаратты тастап шыға да, жасырын да алмағаны байқалады. Кейін басшылықтың нұсқауымен жарық өшіріліп, қызметкерлер топ-тобымен сыртқа қашқан.

Back to top button