TOP-1Жаңалықтар

Ресми: Иранды 37 жыл билеген Әли Хаменеи қаза болды

Аятолла Әли Хаменеи қаза тапты, деп хабарлады Иранның мемлекеттік телеарналары.

Иранның жоғарғы рухани көсемі қаза тапты. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарналары мен БАҚ-тары мәлімдеді. Оқиға 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әуе операциясын бастаған сәтте болған.

«Ол шейіт болды», — деп жазады Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі.

Иранда 40 күндік аза тұту жарияланды, аятолланы еске алу үшін алдағы бір апта жұмыс күні емес деп жарияланды.

Аятолла жайлы

Әли Хаменеи 1989 жылғы 4 маусымда Иранның Жоғарғы жетекшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл шешім Иран Ислам Республикасының негізін қалаушысы – Рухолла Хомейни қайтыс болғаннан кейін қабылданды.

Хаменеи 1981–1989 жылдары Иран президенті қызметін атқарған. Ол бұл қызметке Иран–Ирак соғысы кезінде келген. 1980-жылдардағы соғыс жағдайы, халықаралық оқшаулау және ішкі саяси тұрақсыздық оның саяси тәжірибесін күшейтті.

Хаменеи кезеңінде Иран ядролық бағдарламасын дамытуға кірісті, аймақтық саясатта белсенді позиция ұстанды және Батыс елдерімен, әсіресе АҚШ-пен қатынасы күрделі сипат алды.

Оның билік моделі діни жетекшілік пен саяси бақылауды біріктіреді. Конституциялық тұрғыда президент елдің атқарушы билігін басқарғанымен, стратегиялық шешімдер Жоғарғы жетекші құзырында қалды.

Back to top button