Ресей Қазақстаннан екі есе көп шоколад сатып әкетті

2025 жылы шілдеде Ресей Қазақстаннан шоколад импортын екі есе арттырып, 5,098 миллион долларға жеткізді, деп хабарлайды «РИА Новости».
Алайда бұл биылғы ең жоғарғы көрсеткіш емес: сәуір айында импорт көлемі бұдан да жоғары болған – сол кезде 5,88 миллион долларды құраған.
Қазақстандық шоколадты ең көп тұтынатын ел – Ресей. Жаз ортасында оның үлесі жалпы экспорт көлемінің 44,2 пайызын иеленді. Үздік үштікке сондай-ақ Өзбекстан (19,2%) мен Әзербайжан (14,1%) кірді. Ал алыс шетелдер арасынан Германия қызығушылық танытып, шілдеде қазақстандық шоколадқа 111,1 мың доллар жұмсаған.
Қазақстан Сауда министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың бес айында елге 34,2 мың тонна шоколад әкелінген. Оның құны – 168,2 миллион доллар. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға төмен. Импорттың негізгі елдері: Ресей (69,3%), Украина (11,4%), Түркия (6,7%) және Германия (3,2%). Қазақстандағы тұтынуда импорттық шоколадтың үлесі – 56,3 пайыз.
Соңғы үш жылда плиткалы шоколад бағасы 40 пайыздан астам қымбаттағанымен, елде тұтыну деңгейі төмендеген жоқ. Бағаның өсу себептері туралы толығырақ бөлек материалда айтылған. Ал «ЛОТТЕ Рахат» компаниясы шикізат құнының өсуіне мәжбүрлі түрде бейімделіп жатқанын, бірақ ол шикізат бағасының қарқынымен салыстыруға келмейтінін хабарлады.