ГеосаясатЖаңалықтар

Ресей Еуропаға газ тасымалдауды қайта бастай ма – АҚШ ұсыныс білдірді

АҚШ Мәскеу мен Киев арасындағы энергетикалық келіссөздер барысында Ресей газын Украина арқылы Еуропаға тасымалдауды жылдамырақ қайта бастауға әрекеттеніп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бастама санкцияны айналып өтуге мүмкіндік бере ме

Бұл жөнінде Wall Street Journal басылымы жазған. Аталған дереккөздер мәліметінше, АҚШ өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қыркүйек айында Мәскеу мен Киевке барған сапарында Ресей газын америкалық делдал арқылы сатк жағын талқыға салды. Мұндай бастама еуропалық санкцияларды айналып, америкалық инвесторларға жаңа мүмкіндіктер әкеледі деп күтіліп отыр.

Аталған басылым хабарлауынша, Вашингтон қараша айында Абу-Дабиде АҚШ, Украина және Ресей елдері арасында өтетін үшжақты келіссөздер аясында энергетикалық нысандарға соққы бермеу туралы кешенді келісімге қол жеткізуге ниетті. WSJ АҚШ Ресейдің еуропалық газ нарығына қайта оралуы Владимир Путинге энергетикалық бітімді қолдауға қосымша мүмкіндік болады деп санайтынын жазды.

Шенеуніктер сынына ілікті

Америкалық шенеуніктердің бірі Ақ үй ресейлік газды Еуропаға сатудан түскен табысты үшінші юрисдикциядағы арнайы шотқа аударуды ұсынғанын алға тартқан. Мұндай механизм жиналған қаражаттың әскери мақсаттарға жұмсалуын шектеуге мүмкіндік береді деп болжанады.

Алайда бұл бастама әзірге Еуропада қолдау таппады. Басылым мәліметінше, еуропалық кейбір шенеунік бұл идеяны өткір сынады. Еуроодақтың қолданыстағы заңнамасы келер жылдың соңына таман Ресей газының импортынан кезең-кезеңімен бас тартуды көздеп отыр.

Back to top button