TOP-2Қоғам

Ресей әншісі Полина Гагаринаның Астанада жоспарланған концерті өтпейтін болды

Бұл жөнінде Zakazbiletov.kz билет сервисі ақпарат таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Компанияның мәліметінше, шара ұйымдастырушылар, әртістің өзі мен билет сервисінен дербес себептерге байланысты өткізілмейді.

«Ақша 14 күннің ішінде автоматты түрде қайтарылады», – делінген хабарламада.

Аңдатпаға сәйкес, концерт елордадағы Конгресс-холлда өтуі тиіс болған.

Сонымен қатар әншінің ресми сайтында Астанадағы концерт кестеде көрсетілмеген. Ең жақын концерттері 15 сәуірде Бішкек қаласында және 16 сәуірде Ташкент қаласында жоспарланған.

Айта кетейік, бұл – Полина Гагаринаның Қазақстандағы концерті алғаш рет тоқтатылып отырған жағдай емес. 2025 жылғы 27 қарашаға жоспарланған гастролі оның Ресей саясатын ашық қолдауына байланысты кейінге шегерілген еді. Сондай-ақ Қазақстанда Акмаль есімді орындаушының концерттері де тоқтатылған болатын. Ол Петропавлдағы концертінде сахнадан «пакетті (украин түсті) өртеп жіберіңіздер, түсі маған ұнамайды» деген мәлімдеме жасаған.

Бұдан бөлек, белсенділер Тимати-дің концерттерін тоқтатуды талап етіп петиция жариялаған. Алайда әртіс Қазақстанда екі концерт өткізіп үлгерді. Ал оның концертіне бойкот жариялауға үндеген астаналық блогер полицияға шақырылған.

Соңғы уақытта Қазақстанда Макс Корж, Земфира және Григорий Лепс концерттері де өткізілмей қалған.

Back to top button