TOP-2Жаңалықтар

Референдум кезінде қоғамдық сауалнама жүргізуге құқылы төрт ұйым аталды

Орталық референдум комиссиясы төрт ұйымнан қоғамдық пікірге сауал жүргізу жөнінде өтінім келіп түскенін хабарлайды. Ақпарат ОСК сайтында жарияланды.

Олардың қатарында:

1. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі – сауал салу әдісі: «face to face» сұхбаты;

2. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал салу;

3. «DATAMETRICS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – сауал салу әдісі: CAPI технологиясын қолдана отырып, «face to face» жеке сұхбат әдісімен;

4. «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі – сауал салу әдісі: сайлау учаскелерінен шығу кезінде «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал салу, интернет арқылы сауал салу және exit-poll жүргізу арқылы жаппай сауал салу әдістері қолданылатын болады.

“Заң талаптарына сәйкес республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген нормаларға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс. «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемі бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы”, – делінген хабарламада.

ОРК орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетілетінін атап өтеді.

Референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдумға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.

Референдумға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Back to top button