«Қыз алып қашу – жабайы қылмыс»: Тоқаев Шымкенттегі Нұрай ісі жайлы пікір білдірді

Мемлекет басшысы ІІМ-ше Шымкенттегі полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырғанын мәлімдеді.
Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктіргенін айтты.
«Осы жөнінде Ұлттық құрылтайға 130-астам өтініш түсті. Нұрайға күдіктінің қоқан-лоқы көрсеткені белгілі болды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне Шымкент қаласының полиция департаментіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуратура да мұны жеке тексереді», – деді ол.
Тоқаев «қыз алып қашу жабайы қылмыс» деп атады.
«Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі, қоғамдық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы керек», – деді ол.