Ерекше

Қытайлардың Қазақстанға келгіштеуі неге жиіледі?

Елде еңбек мигранттарының саны артып келеді. Қараша айының бас кезіндегі ақпаратқа сенсек, олардың саны 14,4 мың адамға жеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

КӨБІ ҚҰРЫЛЫСТА ЖҮР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі статистикасына қарағанда, ең көп келген шетелдіктер – Қытай азаматтары. Қазақстанда еңбек етіп жүрген 5 405 қытайлық бар. Одан кейінгі орында Өзбекстан (2 455 адам), Түркия (1 042) және Үндістан (1 012).

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшінің ең көбі құрылыс секторында жүр – 4 908 адам. Ауыл, орман және балық шаруашылығында – 2 808 адам, тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында – 1 173 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 105 адам жұмыс істейді», – делінген министрлік мәліметінде.

Жұмыс істеуге рұқсат беру бойынша өтініштердің 544-і басшылар мен олардың орынбасарларына берілген. Ал 2,2 мыңнан астам рұқсат бөлім басшыларына тиесілі. Мигранттардың негізгі бөлігі – мамандар мен білікті жұмысшылар. Атап айтқанда, 3,7 мың маман және 1,1 мың жұмысшы.

ХАЛЫҚ САНЫ ҚАНША

Бұған дейін хабарланғандай, биыл Қазақстанға тұрақтап қалуға келген әр екінші мигрант – Өзбекстан азаматы. 2025 жылдың тоғыз айында елге 16,2 мың адам қоныс аударса, оның 8,3 мыңы – өзбекстандықтар. Олардың басым бөлігі – этникалық қазақтар, олар көбіне Алматы және Маңғыстау облыстарын таңдайды.

Сонымен қатар, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,38 млн адамға жетті. 2025 жылдың алғашқы жартысында 161,2 мың бала дүниеге келіп, 64,6 мың адам өмірден өтті. Миграциялық өсім 7 749 адамды құрады.

Back to top button