ЕрекшеЭкономика

Қытай Көкшетауға жылу орталығын Ресей ұсынғаннан екі есе арзан бағаға салып беретін болды

Көкшетау жылу электр орталығын қытайлық мердігерлер ресейлік «ИНТЕР РАО» компаниясынан екі есе арзан бағаға салады. Бұл жөнінде JARYQ youtube-арнасына берген сұхбатында “Көкшетау ЖЭО” ЖШС бас директоры Серік Төтебаев айтып берді.

Төтебаевтің айтуынша, ресейлік компания қаржыландыру жағын шешеміз деп бір жылға жуық уақытты созып жіберген. Амалсыз осыдан кейін жаңа мердігер іздеуге тура келген. Әуелі жобаға қытай мен түрік компаниялары қызыққанымен, ақыры Қытайдың бес компаниясы ғана салуға дайын екенін білдірген. Серік Төтебаев ол компаниялардың өкілін жылу орталығы тұратын орынға апарып, не қажеттігін көрсеткен кезде Қытайдың бір компаниясы ғана шарттарға көніп, жылу орталығын салатын болып шешкен.

Осыдан амамен екі жыл бұрын Ресейдің «ИНТЕР РАО» компаниясымен Қазақстандағы үш ЖЭО-ны (Көкшетау, Семей, Өскемен) салатын болып, екі елдің үкіметі келісім келген еді. Алайда Ресей тарапы қаржыландыру мәселесін шеше алмаған.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Бұған сарапшы Нұрлан Жұмағұлов назар аударады. Оның сөзінше, «Самұрық-Энергоның» ұлттық копаниясының алдын ала есептеуі бойынша, станция құрылысының құны 3 млн долларды құрауы тиіс болатын. Алайда ресейлік тараптың бағасы (кредиттік пайызды қоса есептегенде) 1 МВтпен есептегенде 5 млн долларға дейін жеткен.

Тамыз айының соңында Көкшетау ЖЭО мердігерлермен келісімшарттарға қол қойған. Атап айтқанда, «Севказэнергопром» және қытайлық Shandong Yangguang Engineering Design Institute консорциум құрған. Келісімге сәйкес, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны 11 млн теңге (шамамен 20 мың доллар), Power China Sepco1 Electric Construction жабдық пен материал жеткізу үшін 3,1 млрд юань (шамамен 431,2 млн доллар) бөледі. Ал Henan Province Installation Group құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына құны 104,7 млрд теңге (шамамен 192,1 млн доллар) аударады.

“Нәтижесінде қытайлық мердігерлердің ұсынысы орнатылған қуаттың әрбір мегаватты үшін 2,6 млн доллар болып шықты. Бұл – ескі технология мен жабдық ұсынған «ИНТЕР РАО»-ның бағасынан айтарлықтай төмен. Қытайлық компаниялар Өскемен мен Семейдегі ЖЭО құрылысына да қатысуға дайын. Тіпті бір қытайлық компания Семей станциясын 1 МВт қуатқа бар болғаны 2,2 млн долларға салуға әзір екенін мәлімдеген. Енді ресейлік «ИНТЕР РАО»-ның жобадан ресми түрде бас тартуын күту ғана қалды”, – дейді ол.

Нұрлан Жұмағұловтың сөзінше, «ИНТЕР РАО» бағаға банктің пайызын қоса есептеген. Ал қытайлық мердігерлер тек құрылыс жұмыстарын атқарады, кредитті қазақстандық тарап – «Самұрық-Қазына» 16% мөлшерлемемен  ұсынады.

Back to top button