Қытай билігі алаяқ деп таныған 11 адамды дарға асты
Қытайда «Мин» әулетінен шыққан, сот алаяқ деп таныған 11 адам өлім жазасына кесілді, деп жазады Tizgin.kz порталы ekd.me сайтына сілтеме жасап.
29 қаңтар күні Мьянма аумағында телекоммуникациялық алаяқтықпен айналысқан «Мин» әулетінің қылмыстық тобына кіретін 11 адамға қатысты өлім жазасы орындалды.
Сотталғандар ең ауыр жазаға 2025 жылдың қыркүйек айында кесілген. Олардың бір бөлігі апелляциялық шағым түсіргенімен, қараша айында Чжэцзян провинциясының Жоғарғы халық соты бұл шағымдарды қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы сот үкімін күшінде қалдырды.
2015 жылдан бері бұл клан құмар ойындар мен трансшекаралық алаяқтыққа қатысы бар деп танылған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 10 млрд юаньнан (1,4 млрд доллар) асады. Қылмыстық топ Мьянма мен Қытай шекарасында «өнеркәсіптік аймақтар» желісін құрып, онда мыңдаған адамды заңсыз ұстап отырған.
Айыптаулар қатарында қасақана кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, бопсалау, жезөкшелікті ұйымдастыру және есірткі саудасы да бар.