ГеосаясатЕрекше

Қырғызстан тарихында парламент тұңғыш рет өз еркімен тарайды

Жогорку Кеңештің Конституциялық заңнама жөніндегі комитеті парламенттің өзін-өзі тарату туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

“ЖҮЙЕГЕ ЖҮК ТҮСУІ МҮМКІН”

Алдымен бұл мәліметпен 24.kg басылымы бөлісті. Осыған сәйкес, депутат Улан Примов 2026 жылдың орнына 2025 жылы сайлау өткізу – саяси тәуекелдерді азайтып, билік тармақтарының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін айтты. Қазірдің өзінде бұл бастаманы қолдаған 32 депутаттың қолы жиналды.

Депутаттың айтуынша, бұл шешім ел тарихындағы алғашқы жағдай болғалы тұр.

«Парламенттік және президенттік сайлауларды қатар ұйымдастыру – жүйеге шамадан тыс жүк түсіріп, қателіктер мен құқықбұзушылықтарға әкелуі мүмкін», – деді депутат.

Талқылау нәтижесінде комитет мүшелері ұсынысты қолдап, құжатты үйлестіру кеңесіне жолдады. Ол жерде соңғы шешім қабылданатын отырыстың күні бекітіледі.

Back to top button