ЕрекшеОқиға

Қырғызстан билігі Екатерина Биволға іздеу жариялады

Бішкек қаласының ішкі істер бас басқармасы Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 330-бабы («нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру») бойынша Екатерина Биволдың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Кактусмедиа.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бұған Екатарина Биволдың 21 қазанда әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдар, онда ол қырғыз халқына қатысты тұрпайы әрі қорлайтын пікірлер айтқаны себеп болған.

ІІБ баспасөз қызметінің дерегінше, Бивол «өзінің жоғары деңгейдегі қоғамдық танымалдығы мен медиакеңістіктегі ықпалын пайдаланып», тергеу нұсқасы бойынша өз мәлімдемелерінің қауіптілігін күшейткен. Аталған бап бойынша санкция бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

2025 жылдың 25 қазанында Биволға айыптау сырттай тағылды. Бірінші Май аудандық сотының тергеу судьясы оған қатысты бұлтартпау шарасын сырттай таңдап, №21 түзеу мекемесінде қамауға алу түрінде санкция берді. Күдіктіге іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр.

Іс материалдары сараптамаға жіберілді, жедел-тергеу шаралары жүргізіле бастаған.

Бұған дейін Қырғыз ІІМ әлеуметтік желілерде Қырғызстан азаматтары жайлы ксенофобиялық пікірлер айтқан бейнероликтің таралуынан кейін алдын ала тексеріс басталғанын хабарлаған болатын. Роликте әлем чемпионы, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы – Екатерина Бивол көрінеді. Ведомство ұлтаралық құрмет пен моральдық жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Тергеу басталғаннан кейін Екатерина Бивол ресейлік БАҚ-қа берген түсініктемесінде «Қырғызстан заңдары маған жүрмейді» және «менімен ешкім байланысқа шыққан жоқ» деп мәлімдеді. Ол Ресейде тұратынын және тек ресейлік заңнамаға бағынатынын айтты.

Back to top button