Ерекше

Құрылысшылар уақыттың кері қайтарылуын талап етіп жатыр

Қазақстанда құрылысшылар уақытты кері қайтаруды талап етіп, онлайн-петиция жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

“ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ТӨМЕНДЕЙДІ”

Олардың айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруінен бірқатар өзекті мәселе туындады.

«Бұрынғы уақытты қайтаруды талап етеміз. Уақытты ауыстыру туралы шешімді кабинетте отырған адамдар қабылдады. ал біз – нақты жұмыс істейтін жандар бұл шешімнің бірқатар келеңсіздігін көріп отырмыз. құрылыс-монтаж жұмыстары сапасын тексеру қиындады; инженерлік және қасбеттік жұмыстар сапасы төмендеді; материалдарды қабылдау үдерісі күрделене түсті; электр энергиясын тұтыну айтарлықтай артты; жұмысшылардың биологиялық ырғағы бұзылып, олар жұмыс уақытынан бұрын шаршайды. Соның салдарынан еңбек өнімділігі төмендейді; құрылыс-монтаж қызметтерінің нәтижелілігі азайып, жалпы кері әсерін тигізуде», — делінген epetition.kz сайтында жарияланған петиция мәтінінде.

Аталған онлайн-петиция Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігіне жолданған.

Back to top button