ЕрекшеЖаңалықтар
«Құлагер» хоккей клубының жетекшісі ұсталды

Алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын іздеуде болған «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Филь ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Астана қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ол екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдерінің айтуынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.