Ерекше

ҚТЖ-ның еншілес компаниясына 1,4 млрд теңге айыппұл салынды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің қызметінде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

АГЕНТТІК МҰНЫ ҚАЛАЙ БАҒАЛАДЫ

Ресми мәліметпен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдері бөліскен. Соған сәйкес ,агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті аталған компанияға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Тексерудің басталуына Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастықтары, сондай-ақ бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардың шағымы себеп болған.

«Тексеру нәтижесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның тасымал жоспарларын келісу кезінде «KTZ Express» АҚ мен «Кедентранссервис» АҚ сияқты аффилирленген серіктестіктерге басымдық бергені анықталды. Бұл жекеменшік экспедиторлық ұйымдардың жұмысына кедергі келтіріп, бәсекелестікке нұқсан келтірген. Аталған әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды», – деп түсіндірді Бәсекелестікті қорғау агенттігі.

22 тамыз күні сот компанияны 1,4 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл қаражат мемлекет кірісіне аударылады.

Ал 15 қыркүйекте апелляциялық алқа бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Back to top button