Қостанай көлік прокуратурасы сотта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның сеніп тапсырылған мүлкін Құсмұрын жол дистанциясының лауазымды тұлғасы талан-таражға салғанын дәлелдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
ЗАҢСЫЗ САУДА ЖҮРГІЗГЕН
Прокуратура хабарлауынша, жауапты қызметкер теміржол жолын жөндеуге арналған Р-65 маркалы 40 дана теміржол жапсырмасын заңсыз сатқан. Аталған бөлшектер пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні атап өтілді.
Прокуратура бастамасымен сот процесі жол дистанциясы қызметкерлері қатысуымен көрсетпелі форматта өткізілді.
СОТ ШЕШІМІ
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ дәл осындай мерзімге материалдық жауапкершілік жүктелетін лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Бұған дейін 45 пәтерлі тұрғын үй салған мердігердің мемлекеттік бюджеттен бөлінген 8,7 млн теңгені жымқырғаны анықталғаны хабарланған болатын.