ЕрекшеЖаңалықтар

Қостанайда 40-қа тарта жұмысшы жалақы ала алмай отыр

Қостанай облысында «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлеріне жалақы төленбегендігі анықталды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

ДЕПАРТАМЕНТКЕ ТАЛАП ЖОЛДАНДЫ

Бұған дейін аталған ақпаратпен Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері бөліскен болатын.

«Қостанай ауданы прокуратурасы жүргізген талдау барысында «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлеріне жалақы төленбегені анықталды. Осыған байланысты аудан прокуратурасы облыстық еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады», – делінген хабарламада.

Бұзушылықтар расталып, 39 қызметкерге жалпы сомасы 21,7 млн теңге жалақы төленбегені анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс берушіге қарызды өтеу туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар, кәсіпорынға 314 560 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Back to top button