ҚМДБ сөзімен дау туғызған Құрбанәлі Ахмет жөнінде мәлімдеме жасады
ҚМДБ депутаттар мәселе көтергеннен кейін ғана үн қатты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Басқарма Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейтінін, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқтығын хабарлайды.
”Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік.
ҚМДБ еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, қоғам бірлігін нығайту және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді”, – делінген хабарламада.
Мәжілісте Ермұрат Бапи бастаған бір топ депутат қоғамға қауіп төндіретін теріс діни ағымдар жөнінде жасаған мәлімдеме жасады. Олар бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдаған. Депутаттар журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген Құрбанәлі Ахметтің сөзін сынға алып, ҚМДБ үн қатуы тиіс екенін де атап өткен.