
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралып жатқан Парламент отырысында полиция жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Базарбек не себепті қоғамдық қорғаушылар қазір қылмыстық істерді ашудан тартынып қалғанын айтты.
“Қоғамдық қорғаушылар қазір қылмыстың бәрін ашуға дайын. Бірақ оларға қауіпсіздікті бере аласыздар ма? Қаншама қоғамның өкілдері көтеріп жатыр – қылмыстық істер қозғалмай жатыр. Қазір қылмыскерден емес, полициядан қорқатын заман болып тұр. Сондықтан, қоғамдық көмекшілерге қауіпсіздік кепілдігін беру керек”, – дейді ол.
Бақытжан Базарбек мысал ретінде қоғам өкілдері Алматыдағы таулы аймақтарды басып алғандардың ісін ашық жариялап жатқанын, алайда сол үшін ешбір қылмыстық іс тіркеліп жатпағанын атап өтті.
“Оларға керісінше, қысым жасалады. Олар мемлекетке көмектеспей ақыры өз жөнімен кетеді. Сол үшін біз оларға қауіпсіздікті қамтуымыз керек”, – деді Базарбек.