Қазақ қыздарын кемсіту сипатындағы мәлімдеме жасаған шетелдік блогерлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына (ұлтаралық араздықты қоздыру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.
«Олар (қазақ қыздарын қорлаған блогерлер – ҚазТАГ) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі, нақтырақ айтқанда, полиция органдары 174-бап (ұлтаралық араздықты қоздыру дерегі) бойынша тергеуді бастады», – деді Қойгелдиев сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік стримерлердің қазақ қыздарына қатысты айтқан пікірлеріне наразылық білдіріп, қоғамда қызу талқылау туған еді.