Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі өмірден өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86-ға қараған шағында өмірден өтті. Ол Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым еді. Бұхарадағы “Мир-Араб” медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген. Ливия университетінде діни білім алған.
1990 жылдың 12 қаңтарында Алматыда Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. ҚМДБ Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (САДУМ) бөлініп, дербес Діни басқарма болды. ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы, Бас мүфти болып Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды.Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды. 1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды.