ЕрекшеСпорт

Қазақстанның 17 жастағы теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы (№12) жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты. Ол — Мельбурндегі жарыста жолын жалғастырып жатқан үш қазақстандық юниордың ішіндегі жалғыз спортшы, деп жазады Tizgin.kz.

Жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама үшін Заңғар Нұрланұлы Гонконг өкілі Кай Томпсонды (№48) үш сетке созылған тартысты матчта жеңді — 3:6, 7:6(4), 6:4.

Ал турнирдің үшінші айналымында жасөспірімдер арасындағы әлемнің 12-ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Ресейдің 18 жасқа дейінгі бірінші нөмірі Савва Рыбкинмен (ITF Juniors рейтингі — №13) кездескен еді.

Заңғардан бөлек, Australian Open турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында Елена Рыбакина, ал жұптық бәсекеде Анна Данилина ойынды жалғастырып келеді.

Back to top button