Ерекше

Қазақстандықтарға лизинг арқылы көлік алуға болады – министрлік бұйрық жобасын әзірледі

Құжатты қарашаның 2-іне дейін қоғамдық талқылауға шығарып қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ЕСКІ КӨЛІГІ БАРЛАР ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ

Елдегі Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Жаңа құжат қазақстандықтарға автокөлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Шарттар бірыңғай үлгі бойынша рәсімделеді. Алайда қолданыста болған көліктерге, яғни бұрын пайдаланылған автокөліктерге – «кейін сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі қолданылмайды.

«Бұл тетікті іске асыру азаматтар үшін автокөлік қолжетімділігін арттыруға, ішкі автолизинг нарығының дамуын ынталандыруға және бәсекелестік ортаны нығайтуға мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.

КӨПТІҢ ТАЛҚЫСЫНА ТҮСТІ

Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған. Талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, 21 қазанда Президент азаматтарға автокөлікті лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігі берілетінін айтып, бұл шара халық үшін көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталатынын мәлімдеген болатын.

Back to top button