ЕрекшеЭкономика

Қазақстандықтарға ипотеканы зейнетақы есебінен өтеуге рұқсат берілмек

Қазақстандықтардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңеюі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Министрлік әзірлеген құжат 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін қолжетімді болады.

Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды:

  • ипотекалық тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеуге;

  • ай сайынғы төлемді азайтуға;

  • несиенің мерзімін қысқартуға

    бағыттауға рұқсат беру ұсынылады.

Құжатта атап өтілгендей, бұл өзгерістер Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты. Оған сәйкес, Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан алынатын зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, түзетулердің басты мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін неғұрлым тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ қолданыстағы заңнама аясында азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша тетіктер ұсыну болып табылады.

Back to top button