ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстандықтар Қытайдан көлік аламыз деп 1,2 млрд теңге шығынға батты

Қазақстанның жеті қаласынан шамамен 60 тұрғын Қытайдан жаңа автокөлік жеткізіп береміз деген компанияны алаяқтық жасады деп айыптап отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

КӨЛІКТЕР ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛДЫ

КТК телеарнасы ақпаратынша, сатып алушылар көліктеріне әлі алмай отыр. Зардап шеккендер компания Қытайдан, нақтырақ айтқанда Хоргос арқылы әкелінуі тиіс көліктерге алдын ала ақша қабылдағанын айтады.

Зардап шегушілердің бірі — Илья Погожев. Ол жұбайымен бірге үш жыл бойы 12 млн теңгеге жаңа қытай кроссоверін алу үшін ақша жинаған. Шарт жасалып, қаражат төленгеннен кейін көлік із-түссіз жоғалған.

«Компанияның негізін қалаушы өзі хабарласып, кеденде мәселелер бар екенін, көлікті жақында жеткізетінін айтып жүрді. Бірақ өткен апта соңынан бері байланысқа шықпай қойды. Қоңыраулар да, хаттар да жауапсыз қалды», — дейді Погожев.

Клиенттердің айтуынша, автосалон қызметкерлерінің бірі «басшылық барлық ақшаны алып, қашып кеткен» деген ақпарат берген.
Сатып алушылардың есебінше, келтірілген зиян 1,2 млрд теңгеге жетеді. Алматыдағы автосалон кеңсесі бүгінде қаңырап бос тұр. Зардап шеккендердің басты мақсаты сол, ақшаларын қайтарып, автокредиттерін жабу.
Тергеу барысы және поли

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Клиенттердің болжамынша, компания иесі Түркияға кетіп қалған болуы мүмкін. Алайда полиция бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ. Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта істің толық, жан-жақты және объективті жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Back to top button