Қазақстандық төлқұжаттың әлемде беделі қандай
Henley & Partners компаниясы визасыз бара алатын мемлекеттер санына негізделген жаңа паспорттық индексін жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДЕН ОЗҒАН
Жаңартылған рейтингте Қазақстан 67-ші орынға жайғасқан. Мұны сарапшылар тәп-тәуір көрсеткіш деп отыр. Бұл жағынан Қазақстан көршілес елдерден озып тұр. Мәселен, Қырғызстан 81-ші, ал Өзбекстан 82-ші орында.
Рейтинг көшін Сингапур бастапты. Ал АҚШ алғаш рет үздік ондықтан тыс қалып, 12-ші орынға түсті. Ресей Венесуэла мен Молдованың алға жіберді. Яғни, 46-шы орыннан 50-ші орынға сырғып, өз позициясын біраз нашарлатты.
АЗИЯ ЕЛДЕРІ АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕ
2025 жылғы үздік үштік түгелдей Азия елдеріне тиесілі: Сингапур – 1-орын (азаматтары әлемнің 227 елінің 193-іне визасыз бара алады), Оңтүстік Корея – 2-орын (190 ел), Жапония – 3-орын (189 ел).
Жалпы, Henley Passport Index индексі пайда болғалы АҚШ алғаш рет ең ықпалды он елдің қатарына енбей қалды. Яғни, бұл 20 жыл ішінде тіркелген алғашқы жағдай.